Семейде шағымданған тұрғындардың үйін комиссия тексерді

487

"Жылу жоқ",- деп шағымданған Семей қаласы тұрғындарының үйіне арнайы комиссия барды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Семейде шағымданған тұрғындардың үйін комиссия тексерді Фото: khabar24.kz

Тексеріс барысында пәтерлердегі температураның төмендеуіне ішкі коммуникация желілерінің және жеке жылу бекеттерінің ретке келтірілмеуі себеп болғаны анықталды. Ал, жаңа ықшам ауданды жылытатын қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мекемедегілер ескірген құбырлар қысымға шыдас бермей, аязды күндері жарылып жатқанын айтты. Өйткені шаһардағы жылыту жүйесінің 64 пайызға жуығы тозған.

"Тек қана кешегі күнгі жылу инспекциясына 26 шағым түсті. Ол шағымдардың көпшілігі  үйлері салқын жылу жоқ дейді. Бірақ біздің инспекторлар тексергенде олардың бәрі КСК-ның кінәсі немесе КСК жоқ. Көп сұрақтар соныкі. Жалпы қала бойынша жағдайымыз жаман емес", - деді "Жылукоммунэнерго" МКК жылу инспекциясының басшысы Сәдуақас Түсіпбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу