Семейде шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған

521

Мұндай қызметтің нақты құны 10 миллион теңгеден аспайды.

Семейде шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған Фото: azattyq-ruhy.kz

Жаңадан құрылған Абай облысында Мәдениет сарайының басшылығы 150 мың теңге тұратын креслоны 38 миллион теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz .

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында сатып алу құнын асыра бағалау фактілері анықталды.

- Мәселен, Семейдегі Мәдениет сарайының басшылығы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғыртуды жобалау қызметін сатып алуды жоспарлаған. Осы мақсаттарға мекемеде 1 млрд теңге бөлу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Алайда мұндай қызметтің нақты құны 10 миллион теңгеден аспайды, - делінген ақпаратта.

Антикордың ұсынған ұсынысынан кейін ғана бұл сома жойылды.

- Бұдан бөлек, осы мекеме басшылығы бір данасы 38 миллион теңге тұратын кресло сатып алмақ болған. Бұл ретте оның нарықтағы құны - небәрі 150 мың теңге, яғни, 200 есе арзан. Бұл сатып алу бойынша да тиісті ұсыныс хат жолданды, қазіргі уақытта ол қарастыру үстінде, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу