Семейде соққыға жығылған оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды

428

Қазір бала дәрігерлердің динамикалық бақылауында. 

Семейде соққыға жығылған оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды Фото: бейнеден скриншот

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы соққыға жығылған 6-сынып оқушысының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, ұл балаға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, қажетті тексерулер жүргізілді. Ол 23 ақпан күні ауруханаға түскен.

"Диагноз – жабық бас-ми жарақаты. Басында, аяқ-қолдарында көптеген теріасты гематомалары анықталды. Баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деңгейде, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді. Тиісті диагностикалық тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша өміріне қауіп төндіретін себептер анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Оқушы тіркелген емдеу орны бойынша толық медициналық және психологиялық көмек алды. Қазіргі уақытта бала педиатр, травматолог және невропатологтың динамикалық бақылауында.

Айта кету керек, осыған дейін Семейде оқушының соққыға жығылуы бойынша білім басқармасы қызметтік тексеріс бастағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу