Семейде суға шомылуға кеткен жас жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр

463

Соңғы рет жағажайда көрінген

Семейде суға шомылуға кеткен жас жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Семейде суға шомылуға кеткен 21 жастағы жігіт 3 күннен бері үйіне қайтып оралмады. Жоғалған жігітті полиция мен сүңгуірлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жас жігіт соңғы рет 5 маусымда "Заря" жағажай аймағында көрінген. Содан кейін хабарсыз кеткен.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қазір іздеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

"Құтқарушылар мен сүңгуірлерден басқа іздеуге 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды", − деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу