Семейде тағы бірнеше ауданды су басты

543

Семейде тағы бірнеше ауданды су басты

Семейде тағы бірнеше ауданды су басып, 75 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лодочный және Затон ауданымен, Бобровка кентін, Краевая көшесін су басып жатыр. Қазір Краевая көшесінен 41, Бобровка кентінен 34 адам эвакуацияданды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Бұл үшін 7 техника мен қалалық ІІБ-нің 24 қызметкері жұмылдырылды. Тасқын сумен күрес іс-шаралары жүргізіліп, су айдайтын техникалар жұмыс жасауда.

"Қазір Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аяқталса жағдай қалыпқа келеді. Тұрғындарды эвакуациялау жалғастырылуда. Барлығы бақылауда. Қажетті шаралар қолға алынды. Тұрғындарды сабырлыққа шақырамыз", - деді қалалық азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу