Семейде тәрбиеші әріп танымаған баланы сабап тастаған

258

Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Семейде тәрбиеші әріп танымаған баланы сабап тастаған Фото: видео скриншот

Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды. 

"SEMEI TV" арнасының мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Болған жағдайдан кейін де балалар балабақшаға барып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу