Семейде "тәттіге құмар" ұры ұсталды

547

Ол дүкеннен 20 қорап шоколад ұрлап кеткен.

Семейде "тәттіге құмар" ұры ұсталды Фото: inbusiness.kz

Бұрын сотталған азамат қаладағы дүкендердің бірінен 20 қорап "Merci" шоколадын қойнына жасырып алып кеткен. Кассада отырған сатушы да оның жымысқы әрекетін байқамаған. Кейіннен дүкен иелері тауарларын түгендегенде сөрелердің бос қалғандығын бірақ білген.

Дереу полицияға шағымданып, бейнебақылау камерасындағы жазбаны көргенде, ұрлық жасалғанын анықтаған. Іздеу кезінде тәртіп сақшылары 24 жастағы жұмыссыз қала тұрғынын қолға түсірген. Ол бұрын ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған болып шықты.

Тәтті құмар өзінің жымысқы әрекетін толық мойындаған.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші, "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәжірибе көрсеткендей, ұсталғандардың көпшілігі дүкендердегі ұрлық үшін өздерінің жазаланбайтындығына сенеді. Қазіргі уақытта барлық сауда орындары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғанын есте ұстаған жөн. Дүкенде ұрлық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған-дейді Абай облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу