Семейде темекі тұтатқыш-тапаншамен сатушыны қорқытып, шарап ұрлаған ұры ұсталды

149

Бұған дейін ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған. 

Семейде темекі тұтатқыш-тапаншамен сатушыны қорқытып, шарап ұрлаған ұры ұсталды Фото: Online Hunting Auctions

41 жастағы ер адам дүкенде сатушыны қорқытып, құны 1 200 теңге тұратын екі бөтелке шарапты ұрлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол Pietro Beretta маркалы тапанша түріндегі темекі тұтатқышты бопсалау құралы ретінде пайдаланған.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жүргізілген іс-шаралар барысында ол ұсталды, ал ұрланған шарапты ішіп үлгерген екен.

Оған қатысты жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу