Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды

939

Тері-былғары комбинаты 2014 жылы проблемалық жоба ретінде танылып, "Қазақстанның инвестициялық қорының" активтер қоржынына өтткен болатын.  

Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды

Комбинат жоғары сапалы былғарыны хромды илеудің wet blue жартылай фабрикатын дайындайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, 2020 жылғы 3 маусымында "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ және Kusto Group компаниясының халықаралық тобына кіретін "Semey Tannery" ЖШС арасында Семей қаласындағы тері-былғары комбинатын кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалға алу шартына қол қойылған болатын. Инвестор осыған уақытқа дейін зауыттың аумағы мен жабдығын іске қосуға дайындады.

"Қазір комбинатта 60-тан астам адам жұмыс істейді, біз бұрын зауытта жұмыс істеген техникалық мамандар мен жергілікті шифер зауытының мамандарын тарттық. Болашақта комбинат қуаттылығының жүктелуіне қарай қызметкерлер саны артады, 200 адамға дейін тартуды жоспарлап отырмыз. Маусым-шілде айларында біз барлық қажетті жұмыстарды жүргіздік: кәрізді тазалау, нысанды күзету, барлық технологиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін тексеру қамтамасыз етілді. Мысалы, кей жерде ішінара жөндеу қажет болды, шатыр, жұмысшылардың бөлмелері қалпына келтірілді, жұмысшылар үшін себезгілер жасалды. Бүгінгі таңда шикізат жеткізу партиясы алынды, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргіздік, 3000 шаршы метрден астам дайын өнім - wet blue жартылай фабрикатының тәжірибелік партиясын шығардық", – деп хабарлады "Semey Tannery" ЖШС атқарушы директоры Руслан Бисенов.

Комбинат өнімдерін жеңіл, жылы күртешелер, аяқ киім, аксессуарлар шығару үшін қолдануға болады. Шикізат пен қажетті химиялық препараттар жергілікті жеткізушілерден және Ресейден сатып алынады.

Қазіргі уақытта ҚИҚ проблемалық активтерді одан әрі іске қосу мақсатында оларды бәсекелес ортаға беру бойынша жұмыс жүргізуде. 2014 жылы проблемалық жоба ретінде тері-былғары комбинаты қордың активтер қоржынына өтті, комбинаттың бұрынғы иесінің банкроттығына байланысты қор комбинатты сақтау мақсатында 2019 жылғы 15 қарашадан бастап кәсіпорынның мүліктік кешенін балансқа ауыстыруға және инвестор тартылғанға дейін активті ұстау бойынша шығындарды көтеруге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта бұрынғы меншік иесі жоғарыда аталған шешімді сотта даулауда, бұл кешенді жаңғырту мақсатында инвесторға толық беру рәсіміне кедергі келтіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу