Семейдегі машина құрастыру зауыты туристерге арналған автобус құрастыра бастайды. Қазір жоба құжаттарын сертификаттау жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, отандық үлгідегі көлік құрастыратын зауыт жылына 1200 көлік жасап шығарады. Келешек те электробустар құрастыру өндірісі жолға қойылмақ.
"Туристерге арналған автобустар екі және бес есікті болып, люкс нұсқада құрастырылады. Көліктің осы түрін қалаішілік және қалааралық жолаушы тасымалына қолдануға болады. Заман көшінен қалмай, келешек электробустарды да жасап шығару жоспарда бар. Бұл жоба таяу екі жылда жүзеге асады", - дейді автоқұрастыру зауыты бас директорының орынбасары арат Мәкішев