Семейде түрмеден шыққандарды жұмысқа орналастыруға квота беріледі

760

Семей әкімдігі пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен түрмеден босатылғандарға жұмысқа орналасу үшін квота береді. Квота 2022 жылға арналады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Семейде түрмеден шыққандарды жұмысқа орналастыруға квота беріледі

Ақпаратта  фирмалардағы жүз жұмыс орынының біреуі "квотасы барларға берілетіні" жазылған. Онда 101 адамды жұмысқа қабылдайтын 27 компания тізімге енген. Кәсіпорындар қаулы қабылданғаннан кейін жұмысқа алуды бастамақ.

Мысалы, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек-Семей" кәсіпорны бұрын сотталған бір ғана адамды, ал "Алел қаржы-инвестициялық корпорациясы" бірден тоғыз адамды қабылдайды. "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік мекемесі мен жергілікті цемент зауыты 11-12 адамды алады. 

Ескерте кетейік, әкімдік квота санын белгілеп, квотасы барларды штатқа қабылдау керек екенін талап етеді, бірақ олардың жалақы мөлшері мен істейтін жұмыс түрін фирмалар тағайындайды.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу