Семейде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізбек болған тұрғын ұсталды

450

Заң бұзушы телефон және спирттік иісі бар сұйықтық өткізбек болған.    

Семейде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізбек болған тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекеме қызметкерлері түзеу мекемесі аумағына тыйым салынған заттардың кіруінің алдын алды. Заң бұзушыны жеке тінту барысында тыйым салынған заттар, нақтылап айтқанда телефон және спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Мекеме аумағын кешкі барлау кезінде жасырынбақ болған азаматты байқадық. Заң бұзушыны ұстап, жеке тінту барысында скотчпен оралған екі түйіншек тәркіленді. Әңгімелесу барысында күдікті азамат бұл тыйым салынған заттар Рома есімді сотталғанға арналғанын айтты. Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғынына қатысты жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр, – деп түсіндіріп өтті жедел бөлім қызметкері Бақытжан Рамазанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу