Семейде үлкен мұз сарайы салынады

600

Ғимараттың жалпы аумағы – 3 гектар болмақ. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады.  

Семейде үлкен мұз сарайы салынады

Семейдегі "Қарағайлы" жаңа ықшам ауданында алып мұз сарайы салынады. Жаңа спорттық кешеннің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың жаз айларына жоспарланған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Ғимараттың жалпы аумағы – 3 гектар болмақ. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады", – дейді жобалаушы мамандар.

Аталмыш нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғану, керлинг, конькимен жүгіру және басқа да жарыстар өткізілетін болады. Сонымен қатар, жылдың қай уақытында болмасын қысқы спорт түрлерінен жаттығу жасауға барлық жағдай қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу