Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды

272

Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі – музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы.

Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды Фото: gov.kz

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай "Қазағымның үнісің сен – домбыра!" атты көрме ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көпшілік назарына 30-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың домбырасымен бірге, Шәкір Әбенұлы мен Ахат Шәкәрімұлының музыкалық аспаптары да бар.

Қазақ мәдениетінде өзіндік қолтаңба қалдырған тұлғалардың музыкалық аспаптары да көрмеде жинақталды. Келушілер Мәдениет Ешекеевтің, Болат Сыбановтың, Арғынбек Ахметжановтың, Нұридден Иманбаевтың және өзге де өнер иелерінің домбыраларын тамашалай алады.

Экспозицияға Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептен музей қорына табысталған музыкалық аспаптар, сондай-ақ Абайдың музыкалық мұрасы мен қазақтың халық аспаптарының тарихына арналған ғылыми еңбектер де қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу