Семейде үш бірдей полиция қызметкері бас бостандығынан айрылды

1157

Беті ашылған қылмыстар санын көбейту үшін, есірткіге тәуелді қала тұрғынын Defacto киім дүкенін тонауға көндірген. 

Семейде үш бірдей полиция қызметкері бас бостандығынан айрылды

Семейде үш бірдей полиция қызметкері бас бостандығынан айрылды. Тәртіп сақшылары есірткіге тәуелді тұрғынды дүкен тонауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz. 

Семейлік полиция қызметкерлері Берікбол Жиембай мен Ерлан Сыздықов беті ашылған қылмыстар санын көбейту үшін, есірткіге тәуелді қала тұрғынын Defacto киім дүкенін тонауға көндірген. Жеңілдің үстімен жүріп өтпек болған сақшыларға полиция басқармасының бұрынғы қызметкері Ф. Самигулов  көмектесіпті.

"Олар мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік өзін-өзі басқару мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылық жасады", – деп шешті сот.

Тәртіп бұзған тәртіп сақшыларының әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметке орналасу құқынан айырды.

Сонымен қатар сот, басшылық тарапынан ведомстволық бақылаудың жоқтығы жәбірленушінің конституциялық құқықтарын бұзуға әкеп соққанын айта келе, бұл жайды Семей ІІБ басшысының назарына жеткізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу