Семейде үшінші ЖЭО құрылысы басталды

103

Жобаны 2029 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған.  

Семейде үшінші ЖЭО құрылысы басталды Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Бүгін "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семейдегі үшінші ЖЭО құрылыс алаңын аралады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нысан Президенттің тапсырмасымен қолға алынып отыр. Жоба 2025 жылы бастау алып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары сәуірде іске қосылды. 

Үшінші ЖЭО-нің қуаты 405 МВт электр және 1000 Гкал/сағ жылу өндіруге жетеді. Нысанда көмір отыны қолданылып, заманауи тазарту технологиялары енгізіледі.

Жаңа орталық қаладағы энергия тапшылығын азайтып, тұрғындарды тұрақты жылу және электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу