Семейде үшінші ЖЭО салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені дайындау басталды

536

Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік көпсалалы энергетикалық холдингі "Самұрық-Энерго"АҚ мәлімдеді.

Семейде үшінші ЖЭО салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені дайындау басталды Фото: inbusiness.kz

Абай облысы әкімдігінің алдын ала деректеріне сәйкес, қаланың орталық жылу электр жүйесі 320 МВт электр қуатын және сағатына 1,2 мың Гкал жылу өндіруі тиіс. Дегенмен, қорытынды сипаттамалар ТЭН әзірлеу барысында анықталады. 

"Облыс орталығы мәртебесін алған Семей қаласында инфрақұрылым мәселесі өте өзекті. Жаңа ЖЭО салу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жүзеге аспақ. Қолданыстағы жылу орталықтарының әлеуеті қаланың оң жағалауын толық жылумен қамтамасыз етуге жетпейді. Облыс орталығының жаңа мәртебесінде қаланы дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу көзінің құрылысын бастау қажет", - деп түсіндірді "Самұрық-Энерго" АҚ.

"Самұрық-Энерго" АҚ мамандарының айтуынша, ЖЭО-3-ны салу тиімді пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, ҚР табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына жауап беретін ең үздік қолжетімді технологиялар базасында жүзеге асырылатын болады.

Қуаттарды өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің жоспарланған мерзімі ТЭН әзірленгеннен кейін айқындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу