Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды

584

Семейдегі орталық полиция бөлімінің қызметкері қамауға алынды.  

Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды Фото: Inbusiness.kz

Ол ұсталған адамды қылмыс жасағанын мойындату мақсатында "азаптады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) бойынша тіркелді.

2024 жылғы 26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген Абай облысының прокуратурасының хабарламасында.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу