1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мектеп бітіруші түлектерді тасымалдап жүрген Hammer лимузин автокөлігін тоқтатты.
Нәтижесінде автокөлік иесінің жалған номер тағып алғандығы анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу