Жаңа автобустың бесеуі 8 наурыздан бастап жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қоғамдық көлікке 80 адамға дейін сыяды. Қаладағы автобус санын арттыру мәселесін тұрғындар бұған дейін бірнеше рет көтерген еді. Жақында жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын 12 автобус сатып алды.
Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айжан Жұманованың айтуынша, тұрғындар автобустардың сапасына жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің жаңасына қол жеткізу арқылы бұл мәселені біртіндеп шешеміз деген ойдамын. Жыл соңына дейін шағын, орта және үлкен класты 60 автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз.