Семейде жаңа саябақ салынады

373

Семей қаласында жаңа саябақ салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz Абай облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.  

Семейде жаңа саябақ салынады Фото: vestisemey.kz

Саябақ қаланың оң жағалауында орналасқан Бегалин көшесінің қиылысынан бастап Челюскинцев көшесінен Силин көшесіне дейінгі бөлігінде тұрғындардың демалуына және бос уақытын өткізуге арналады деп жоспарланып отыр.

Ауданы 0,2 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда балалар ойын алаңдары орнатылып, жарық түсіріліп, ағаш отырғызылады.

Бұл аймақ бұрын қоқыс пен ағаш кесінділеріне толы болған. Жұмыс биыл қараша айында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу