Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалар анықталғанын және ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа туған шақалақтың денесі 3 ақпан күні Семей қаласындағы қоқыс контейнерінің бірінен табылған.
Алдын ала деректерге сай, олар баланың өлі туғанын айтқан. Сондай-ақ, осындай ауыр жағдайдан психологиялық күйзеліске түскенін айтып ақталған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланып отыр. Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып, осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу