Семейде жаңа ЖЭО салынады: Облыс әкімі қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты

162

Қаланың оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы байқалады.  

Семейде жаңа ЖЭО салынады: Облыс әкімі қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты Фото: gov.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа жылу электр орталығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Семей қаласының оң жағалауында 146,99 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін Президенттің жаңа жылу электр орталығын салу туралы тапсырмасы бар. Әкімдік, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы мен жобалаушыны қатыстыра отырып, жедел жұмыс тобын құрды. Құрылыс алаңы мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды. Қазір "Самұрық-Энерго" техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқтап жатыр", – деді Абай облысының әкімі.

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, бюджеттен тыс қаржы есебінен барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен үшінші ЖЭО-ның сыртқы инфрақұрылымын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.

"Сондай-ақ, "Самұрық Энерго" акционерлік қоғамы қуаты 294 МВт "Семей ГЭС" құрылысының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін және қуаты 1050 МВт ұлғайта отырып, "Шүлбі ГЭС-ін" қайта құрудың екінші кезегін әзірлеу бойынша жұмысты аяқтағанын атап өткім келеді. Биыл жылу тапшылығын азайтып, Қарағайлыдағы әлеуметтік нысандарды уақытылы іске қосу үшін жеке инвестор есебінен қуаты 21,5 Гкал/сағ болатын блокты-модульді қазандық құрылысы аяқталады", – деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу