Семейде жаңғыртылған тұрғын үйлер сапасыз жөнделген

879

Семейде  жаңғыртылған тұрғын үйлер сапасыз жөнделген

Тұрғын үйлерді қайта жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жөнделіп жатқан нысандардың жөндеу жұмыстарына тиімділігі жоғары заманауи құрылыс материалдары пайдаланылып жатыр.

Тұрғын үйлердің шатырлары профлистпен алмастырылып, төбе жабындылары жылу сақтау қабілеті жоғары материалдармен жабылуда. Үйлердің қасбеттері сайдингпен қапталып, жылу құбырлары мен қасбеттер жылуды далаға жібермей сақтап тұратын ерекше бояулармен сырланып, подьездерге жалпыүйлік есептеу құралдары, пластик терезелер орнатылып жатыр.

Алайда аймақтың қалалары мен аудан орталықтарында жөнделіп біткен 296 тұрғын үйдің 50-і шала жөнделген болып шыққан.

"Әсіресе бағдарлама алғаш басталған 2011-2012 жылдары қайта жаңғыртылған тұрғын үйлердің сапасыз жөнделгені анықталып отыр. Ол кезде жөндеу жұмыстарымен ерінбегеннің бәрі айналысты деуге болады. Қазіргі мердігер кәсіпорындарға қатаң талаптар қойылып, таңдалып отыр. Тұрғын үй иелерінің арыз шағымдарына байланысты сапасыз атқарылған жұмыстарын мердігерлер қалпына келтіріп жатыр. Кейбіреулерімен мәселе сот арқылы шешілуде. Жөндеудегі сапасыздықтардың көпшілігі шатырлардың, төбе жабындыларының дұрыс салынбағанына қатысты", -дейді облыстық тұрғын үй пайдалану басқармасының өкілі Елена Нагайцева.

Үйлерін жөндеуден өткізген пәтер иелерінің несиеге атқарылған қаржыны мерзімінде қайтармай жатуы да үлкен мәселе тудырып отыр. Семей қаласы тұрғындарының қаржыны қайтару көлемі 28 пайызды ғана құрап отыр. Сол себепті Семей қаласында өткен жылдар ішінде 35- ақ үй жөнделген. Өскеменде 181 үй жөнделген. Өскемендіктер жөндеуге мемлекеттен жұмсалған несие қарызын 70 пайыз көлемінде қайтарып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу