Семейде жаппай төбелесте 13 жастағы бала қайтыс болды

444

Жасөспірімдер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Семейде жаппай төбелесте 13 жастағы бала қайтыс болды Фото: Жайық пресс

6 маусымда Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде көз жұмды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жанжалдың бүкіл қатысушылары анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

"Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді" деп хабарлады полиция. 

Полиция ата-аналардың жасөспірімдерді қараусыз қалдыруы олардың арасында жазатайым оқиға немесе құқықбұзушылық жасауына себеп бола алатынын еске салады. 

Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу