Семейлік полицейлер синтетикалық есірткінің 100-ден астам дозасын тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
25 тамызда Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп", "Қарасора — 2023" ЖПІШ өткізу шеңберінде есірткінің синтетикалық түрлерін заңсыз таратқаны үшін облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында ұнтақ түріндегі заты бар 14 зип-пакет табылып, тәркіленді.
Қорытындыға сәйкес зерттеуге алынған зат салмағы 28,88 грамм А-PVP психотроптық заты екені анықталды, 3 зип-пакетте ұнтақ түріндегі ақ түсті мефедрон болған, салмағы 1,37 гр. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы — 30.25 грамм, бұл — 100-ден астам доза. Қара нарықтағы бағасы шамамен 1 миллион теңгені құрайды.