Семейде жеке тұрғын үйден өрт шықты

251

Өрт көмір қоймасы мен верандаға таралған.

Семейде жеке тұрғын үйден өрт шықты Фото: Бейнежазбадан

Семей қаласындағы "Восточный Правый" саяжай алқабында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй шатырының ағаш құрылымдары мен жабындылары ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Өрт көмір қоймасы мен верандаға да таралған.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді.

Ведомство өрт немесе жану белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу