Семейде жер үйлер жаппай сүріліп жатыр

2536

Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын дамыту үшін ауқымды құрылыстар басталып кетті.

Семейде жер үйлер жаппай сүріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Әсіресе шаһардың сол жағалауын көркейтуге басымдық берілмек. Бірінші кезекте Тарбағатай, Лермонтов, Молдағалиев көшелеріндегі жеке сектор орнына жаңа тұрғын үйлер мен заманауи нысандар бой көтереді. 

-          Көпқабатты үйлер салынады, мектеп салынады. Және де біз қазір концерт залын салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол үлкен жоба. Сүрілетін үйлер өте көп. Ол үшін көптеген қаражат керек. Мұның бәрі бір жылда бола қаймайды. Көп жылға арналған жоба. Біртіндеп қаламыз жаңа кейіпке енетін болады-дейді Семей қаласының әкімі, Нұрбол Нұрсағатов.   

Қазір шаһардың сол жағалауында 42 жер үй сүрілген. Ол жерге 1200 орындық мектеп ғимаратын салу басталды. Біртіндеп қаланың сол жағалауындағы Цементшілер кенті мен 14-ші,15-ші тұрғын аудандарында да ауқымды құрылыс жүргізіледі. 500 ге жуық жекеменшік үй бұзылып, орнына 712 мың шаршы метрден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу