Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу