Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 9 сынып оқушысын тәртіп сақшылары, қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қаланы шарлап іздеген.
Іздеу жұмыстары ойын-сауық орындарымен қатар қараусыз қалған ғимараттарда да жүргізілген. Полицейлер оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты.
Ол орталық полиция бөліміне жеткізіліп, мамандар онымен әңгіме жүргізілуде. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу