Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.
15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.
Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.
Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу