Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдер табылмай жатыр

236

7 сәуірде сағат 15:00 шамасында үйінен шығып кеткен. 

Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдер табылмай жатыр Фото: Абай облысы ПД

Семей қаласында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен ағайынды бойжеткен мен бозбала табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтынай Әбішева мен Абзал Әбішев 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласы Восточный левый кентіндегі жер үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Сол уақыттан бері олар мүлде хабар-ошарсыз.

"Арыз түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Алтынай 18 жаста. Бойы 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара. Тізеге дейін жасыл күртке, қара түсті футболка мен кроссовка киген. Ал 16 жастағы Абзалдың бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ашық түсті, оң көзінің астында тыртық бар", - делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары оларды көргендерден немесе қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу