Семейде ЖОО ғимараты өртенді

1034

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында сейсенбі күні қалалық жоғары оқу орындарының бірінің үш қабатты ғимаратында өрт болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде ЖОО ғимараты өртенді

Оқиға орнына бірден 50 өрт сөндіруші жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 14 техника жұмылдырылды.

"От ошағы кітапханада. Газ-бу қорғаныс қызметінің 4 бөлімі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", - делінген хабарламада.

Қазірге дейін шамамен 150 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілген.

"Өрттің неден шыққанын ШҚО ТЖД Зерттеу-сынақ өрт зертханасының мамандары анықтайды. Өрт кезінде ғимаратта ешкім болған жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу