Семейде жылу ақысын төлемегендер жарықсыз қалады

556

Семейде жылу ақысын төлемегендер жарықсыз қалады

Семейде "Жылукоммунэнерго" мекемесі ұзақ уақыт бойы жылу үшін ақша төлемей жүрген шаһар тұрғындарының пәтерлерін жарықтан ажыратуда, деп хабарлайды 

2015 жылы  семейліктердің жылу беру мекемесі алдындағы жалпы берешегі 240 млн теңге болса, 2016 жылы 342 млн.600 мың теңгеге жеткені туралы айтылған. Ал қазіргі 2018 жылғы соңғы мәліметтерге қарсақ, бұл көрсеткіш күннен-күнге артып жатқанын байқауға болады. Олай дейтін себебіміз, қазіргі таңда тұрғындардың жылу мекемесіне шамамен 600 млн теңгедей қарыз.

"Борышкерлермен күрес жұмыстары жыл бойы жалғасады. Біз қатаң шараға көшуге мәжбүрміз. Себебі, тұрғындар тұтынған жылуға ақша төлеуге асықпайды. Енді жылуға ақшаны 3 айдан артық төлемесе тұрғындар рет-ретімен жарықтан ажыратылады", - деді "Жылукоммунэнерго" мекемесінің бөлім басшысы Гауһар Жетпісбаева.

Айта кету керек, жылу мекемесінің қызметкерлері 3 мыңнан артық тұрғынның үстінен сотқа шағым түсірген. Бүгінде олардың 1500-і сот орындаушыларының қарауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу