Семейде қараша айының 1-інен бастап жылу бағасы 7,5 пайызға қымбаттайды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша "Бұл – "Жылукоммунэнерго" кәсіпорнын шығыннан алып шығудың амалы" екен, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа тариф табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісілген.
"Бүгінде жылу беру мекемесі тарифтен бөлек республикалық бюджеттен қосымша қаржыландырылып отыр. Кәсіпорынды жақында ғана оңалтудан өткіздік. Ал бағаны өсірмейтін болсақ, қарызға қайтадан белшеден батуымыз мүмкін", - дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу