Абай облысының орталығындағы аспалы көпір жөндеу жұмысына жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап.
9-30 маусым аралығында түнгі уақытта сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін аспалы көпірдің (жаңа көпір) жүріс бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз, сондай-ақ, көлік қозғалысы түнгі уақытта қарсы жолақ бойынша ұйымдастырылатын болады. Сіздерден қозғалыс маршруттарын алдын ала қарастыруды, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша қолайсыздықтарды түсінуді сұраймыз! – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Ал жаңа ақпаратқа сәйкес, 27-30 маусым аралығында жұмыс күндізгі уақытта сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, сонымен қатар көлік қозғалысы жартылай жабылады.