Семейдегі әуежай құрылысы шілде айында аяқталады

691

Семейдегі әуежай құрылысы шілде айында аяқталады

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Семей қаласына іс-сапар барысында әуежай құрылысын бақылап, бұл жұмыстарға жауапты компания басшысымен кездесті, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Терезе" ЖШС компаниясының бас директоры Лұқбек Тумашинов құрылыс барысындағы жұмыстармен таныстырып өтті.

"Бүгінгі күнге дейін әуежай құрылысына 6 млрд қаражат жұмсалды. Оның өз құны 10 млрд. Жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Ұшу алабы дайын. Қазір әуежайдың ішін толық жөнеуден өткізудеміз. Әуежай ішкі және ішкі рейстер бойынша екіге бөлінді. Жүк терминалы болады. Барлығын қалпына келтіріп, осы жылдың шілде айына дейін аяқтауға тырысамыз", -деді мердігер компания басшысы.

Айта кетейік, Семейдегі əуежайды күрделі жөндеуге Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге қаржы бөлінген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу