Семейдегі ауқымды нысанның атауы өзгеруі мүмкін

440

Семей қаласындағы "Арена" мәдени-спорттық кешенінің шығынын азайтылады. Осыған дейін нысанның коммуналдық қызметке жұмсайтын жылдық шығыны 132 млн теңгеден асқан. 

Семейдегі ауқымды нысанның атауы өзгеруі мүмкін Фото: Семей сергек парақшасынан алынды

Облыс әкімдігі мәдени-спорттық кешенінің шығынын азайту үшін атын демеуші брендке беру көзделіп отырғанын айтады.

Айта кетейік, Семейдегі ең үлкен мәдени кешен 2019 жылы салынған. Онда спорт залдары, бассейн, стадиондар, концерт алаңдары бар. Әртүрлі мәдени, спорттық, танымдық шаралар өткізіліп, өнер иелерінің кештері, концерттері ұйымдастырылып келеді.

Алайда кешеннің коммуналдық қызметке жұмсайтын шығыны қомақты болып тұр. Нақты айтқанда, жылына бұл үшін 132 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады.

- Осы ретте, Нейминг тәсілін қолдану жоспарлануда. Яғни, "Арена" мәдени-спорттық кешеніне демеуші брендтің атауын беріп, табыс табу. Осылайша, Семейдегі ауқымды нысанның атауы өзгеруі мүмкін. Ұтымды жағына тоқталар болсақ, бұл арқылы кешенді күтіп-ұстауға кететін шығындарды азайтуға болады. Ал үнемделген қаражат есебінен балалар спортын дамыту үшін тегін үйірмелер мен секциялар ашуға мүмкіндік туады, - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Нейминг тәжірибесі - әлемде кең тараған үрдіс. Стадионның атауын бірнеше жылға жалға беру арқылы түскен қаражат кешендер мен спорттық командаларға жұмсалатын шығындарды азайтуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын аталған кешенге Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру ұсынылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу