Семейдегі автоқұрастыру зауыты жаңа өнімдер шығара бастады

995

Биыл жыл соңына дейін төтенше жағдайлар комитетінің тапсырысына сәйкес 77 көлік құрастыру көзделген. 

Семейдегі автоқұрастыру зауыты жаңа өнімдер шығара бастады

УРАЛ ауыр жүк көліктері негізінде жасалған тілсіз жаумен күреске арналған машинаның салмағы – 20 тонна. Арнайы техника қазіргі заман талаптарына толық жауап береді, деп хабарлайды 24.kz.

Ең бастысы көптеген бөлшегі өзімізде жасалған, әзірге қазақстандық мазмұны – 38 процент. Болашақта оны ұлғайту көзделген.

Жалпы еліміздегі өрт сөндіру техникаларының көбі ескірген, 800-дейін жаңарту керек. Ал биыл жыл соңына дейін төтенше жағдайлар комитетінің тапсырысына сәйкес 77 көлік құрастыру көзделген. Сонымен қатар кәсіпорында жедел жәрдем көлігінің жетілдірілген нұсқасын шығару жоспары бар. Қазір пилоттық техника құрастырылып, жаңа желіні іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

"Бұл өрт сөндіру машиналарының су сыйымдылығы – 5 мың литр. Бұл биылғы тапсырысқа байланысты. Ал негізі біз 4 мың литрден 10 мың литрге дейін жасаймыз. Бұлардың су шашу биіктігі әртүрлі, тапсырысқа байланысты – 20 метр, 30 метр. Терезесіндегі торлар өрт сөндіру кезінде орманды жерлерде ағаштардан терезеге зақым келмеуі үшін, қиын өтетін орманды жерлерде өрт болған кезде, апатты жағдайларда ішінде отырған өрт сөндірушілерге зиын тигізбеу үшін оларды қорғауға арналған",– дейді кәсіпорынның техникалық директоры Жандос Ілиясов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу