Семейдегі көпірде жеңіл көлік өртке оранды

460

Зардап шеккендер жоқ.

Семейдегі көпірде жеңіл көлік өртке оранды Фото: видеодан алынған кадр

Наурыздың бесіне қараған түні Семейдегі аспалы көпірде жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері "Toyota Corona" маркалы автокөлікте қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері мен жалпы ауданы 2 шаршы метрді құрайтын аспаптар панелі жанғанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Abainews порталының мәліметінше, келесі күні Қабанбай батыр көшесінде, теміржол көпірінің жанында "Volkswagen Passat" маркалы автомобиль жүріп бара жатқанда өртенген. Мотор бөлігінің жанатын бөлшектері, аспаптар панелі, интерьер мен шинаның ішкі қаптамасы жанып кетті. Өрт 8 минут ішінде өшірілді.

"Көліктегі өрт аяқ астынан пайда болуы мүмкін. Салондағы бензин мен күйдірілген резеңкенің иісі, сорғыштың астындағы түтіннің пайда болса, бұл өртеніп жатыр деген белгі болып саналады. Көлігіңізде дереу пайдалануға дайн жақсы өрт сөндіргіш баллоны болуы керек",- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу