Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан бөлмесінде түтін шықты... Өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы (қысқа тұйықталу) себеп болған", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Мектеп әкімшілігі өрт шыққанын дер кезінде хабарлаған.
"Оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды (371 оқушы және 45 қызметкер)... Осы уақытта электр қуатын өшіріп, кейін өртті сөндіру үшін ШҚО ӨЭЖҚ қызметі келді. Оқу процесі қашықтан оқу форматқа көшірілді", делінген хабарламада.