Семейдегі оқушылар сабақты онлайн оқитын болды

179

Су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Семейдегі оқушылар сабақты онлайн оқитын болды Фото: canva

Семейдегі оқушылар ертең сабақты онлайн оқитын болды. Тиісті ақпаратты Абай облыстық білім басқармасы таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 24 қыркүйек күні қалада су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуіне байланысты барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді.

"Оқу процесі Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №349 бұйрығына сәйкес онлайн платформалар арқылы ұйымдастырылып, екі ауысымда қашықтан оқыту форматына көшіріледі", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу