Биыл Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған орманшыларға ескерткіш тақта орнатылмақ.
"Семей орманы" резерватының Бородулиха ауданындағы Жаңашүлбі филиалынан шыққан өрт 14 орманшының өмірін жалмаған болатын.
Тілсіз жаумен күрескен батырлардың құрметіне ескерткіш тақта қойылады. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.
"Бородулиха ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол орман өртінен қаза болған орманшылардың құрметіне қойылатын ескерткіш тақтаның іргетасын қою рәсімін өткізіп, марқұмдардың туыстарымен кездесті. Тақта Успенка ауылында орнатылады", - делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу