Семейдегі теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр

246

Қазақстан бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр.  

Семейдегі теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай тексерді.

Қазір вокзалда шатыр орнату, ішкі және сыртқы әрлеу, жылыту және желдету жүйелерін, сумен жабдықтау мен кәріз желілерін монтаждау, сондай-ақ электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу кезінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін уақытша пункттер ұйымдастырылған.

Тексеру барысында жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударылды. Елдос Нестай нысандағы жұмысты жеделдетіп, жаңғыртуды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар вокзалдың ішкі жұмыстарын оған іргелес аумақты абаттандырумен қатар жүргізу қажеттігі айтылды. Жаңартылған нысан заманауи талаптарға сай болып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Семей вокзалын жаңғырту еліміздегі теміржол вокзалдары инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама бойынша Қазақстанда 124 вокзал жаңғыртылуда. Оның 10-ы Абай облысында орналасқан.

Өңірдегі Ауыл, Белағаш, Дегелең, Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станцияларындағы вокзалдар толық жаңартылып, пайдалануға берілген.

Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, теміржол вокзалдарын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу