Семейдегі түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізбек болған павлодарлық ұсталды

463

Қазіргі уақытта Павлодар қаласы тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылды.

Семейдегі түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізбек болған павлодарлық ұсталды Фото: Polisia.kz

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті №20 мекемесінің жедел және тәртіп бөлім қызметкерлері, түзеу мекемесі аймағына тыйым салынған заттың кіруінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қысқа кездесуге келген Павлодар қала тұрғынын жеке тексеру барысында Piko тетропакеттелінген шырынына жасырылған ұялы телефон, қуаттағыш және SIM-карта табылды.

"Өкінішке қарай, сотталғандармен және азаматтармен үнемі түсіндіру алдын алу жұмыстар өткізледі. Соған қарамастан сотталғандардың “қамқор” туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Павлодар қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады", деді тәртіп бөлімінің қызметкері Қуаныш Альмадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу