Семейден шыққан жолаушылар автобусы Ресей аумағында өртеніп кетті

701

Абырой болғанда, көлік ішінде болған 48 жолаушы дін аман. 

Семейден шыққан жолаушылар автобусы Ресей аумағында өртеніп кетті

Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған автобус өртеніп кетті. Оқыс оқиға көрші елдің аумағында болған. Абырой болғанда, көлік ішіндегі 48 жолаушы дін аман, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Олар жалма-жан автобустың жүксалғышындағы заттарын да алып үлгеріпті. Дегенмен кейбірінің салонда қалған құжаттары мен ақшалары күлге айналды.

Жергілікті өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алмаған.

Ресейлік "Неоплан" маркалы автобус алыс жолға шықпас бұрын Семейде толық тексерістен өткізілген екен. Сондықтан оның отқа орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір көрші елдің құзырлы органдары апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу