Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

589

Іс сотта қаралып жатыр.  

Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр Фото: inform.kz

Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, шенеунік табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмауына ақша алды деп айыпталып отыр.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлімнің 2, 4-тармағына ("Алаяқтық мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам бірнеше рет жасаған алаяқтық, егер бұл оның қызмет бабын пайдаланумен байланысты") сай қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу