Семейдің бес ауданын су басуы мүмкін

1390

Кей аудандағы еріген қар суы 50 сантиметрге дейін жеткен. 

Семейдің бес ауданын су басуы мүмкін

Семейдің бес бірдей ауданын су басуы мүмкін. Ауа райының күрт жылынуына байланысты қаланың шет аудандарындағы қар еріп, тұрғындардың ауласына жеткен. Дәлірегі, Лесная, Аэропорт, 6-шы, 12-ші, Загородная және Шығыс кентіндегі 4-ші саяжайдағы жеке секторға су басу қаупі төнген.

Кей аудандағы еріген қар суы 50 сантиметрге дейін жеткен. Тұрғындардың қоңырауынан кейін,  қауіпті аудандарға арнайы құтқару тобы жіберілді. Мамандар бірнеше сағаттың ішінде суды айдау жұмыстарын жүргізді. Дегенмен тұрғындарға сақ болу ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу