Семей қаласының ең қарт тұрғыны 108 жасқа толды

198

Казаченко Анна Федоровна 1916 жылы Алтай өлкесінің Лаптилок ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семей қаласының ең қарт тұрғыны 108 жасқа толды Фото: Семей қаласының әкімдігі

Әкесі Али Федор Демьянович азаматтық соғыста қаза болды. Анасы жалғыз қалып, 5 баланы өзі тәрбиелеген. Анна 8 жасынан бастап балаларды қарайласқан. 16 жасында колхозға барып жұмыс істеді.

Басында комбайнер курсын бітіріп, сол мамандығы бойынша еңбек еткен. 1938 жылы тұрмыс құрды. 1951 жылы Семейге көшіп келіп, бүгінгі күнге күнге дейін осы қалада тұрып келеді.

108 жасқа келген Анна Казаченконы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтады.

"Құрметті Анна Федоровна! Туған күніңізде сізге ең ізгі тілектерді арнағым келеді. Сіз қаланың игілігі үшін тынымсыз еңбек еттіңіз. Өмір жолыңыз батылдық пен еңбекқорлықтың үлгісі. Мейірімділігіңізбен, жарқын мінезіңізбен өзгелерден ерекшеленесіз. Сіз моральдық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаушысыз, балалар мен немерелеріңіз үшін тірексіз. Өзіңізге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеймін!", – деді Н.Нұрсағатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу