ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семейдегі Ақшың базарындағы өртке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өздеріңіз білесіздер, 6 ақпан күні сағат 00.24-де Семей қаласындағы "Ақшың" сауда орталығында өрт шықты. Өрттің негізгі аумағы 6009 шаршы метрді құрап отыр. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерде Төтенше жағдайлар министрлігінен құралған комиссия, сонымен қатар облыстық прокуратура, полиция департаменті тексеруді жүргізуде. Тексеру кезінде үш бағытты (ред. – нұсқа) ұстанып отырмыз. Бірінші – электр сымдарының тұйықталуынан өрттің шығу мүмкіндігі, екінші – арнайы өртеп кету және сауда орталығында розетка мен басқа да сымдардың сөндірілмей қалып қоюы", - деді Марғұлан Аманбаев.